Президент ауызсумен жабдықтауды субсидиялау туралы заңға қол қойды
- авторjambylinfo.kz
- 26 қаңтар, 2021
- 265
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №17, 141-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №15, 95-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 18-құжат; №19, 147-құжат; №24, 180-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; №23, 114-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №2-3, 15-құжат; №15-16, 76-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 7-құжаттар; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №16, 129-құжат; 2012 ж., №3, 27-құжат; №14, 92-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 79, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №2, 10-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №11, 57-құжат; №19-II, 103-құжат; №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-II, 56-құжат; №8-II, 72-құжат;
2017 ж., №3, 6-құжат; №12, 34-құжат; №14, 51, 54-құжаттар; №23-V, 113-құжат; 2018 ж., №10, 32-құжат; №19, 62-құжат; №24, 93-құжат; 2019 ж., №8, 45-құжат; №19-20, 86-құжат; №21-22, 91-құжат; 2020 ж., №13, 67-құжат; 2020 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 37-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7-9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-9) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
2) 37-1-бап мынадай мазмұндағы 8-9) тармақшамен толықтырылсын:
«8-9) тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлейді және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;»;
3) 38-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Облыстардың жергілікті өкілді органдары тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекітеді.»;
4) 39-бапта:
10) тармақшадағы «және уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Облыстардың жергілікті атқарушы органдары:
1) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
2) тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін әзірлейді және облыстардың жергілікті өкілді органдарына бекітуге ұсынады;
3) тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады;
4) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде бекіту туралы ақпарат береді.»;
5) 135-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша» деген сөздер «тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 25 қаңтар
№ 411 -VI ҚРЗ
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде не айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024