Саясат

Президент экономиканың 7 бағытын атады

Президент экономиканың 7 бағытын атады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикалық бағыты 7 негізге сүйену қажетін айтты. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. «Экономика халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс істеуі тиіс. Ұлттық табыстың өсуінен әлеуметтік лифтіні тиімді қолданып, пайданы тең бөлуге қоғамдық ұсыныстың өсуі оң шешімін табуы тиіс. Сондықтан еліміздің жаңа экономикалық бағыты басты 7 принципке негізделуі тиіс», деді Президент. Мемлекет басшысының айтуынша, игілік пен міндетті тең бөлу, жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі, жаңа кәсіпкерлерге арналған нарықты қалыптастырып, әділ бәсекелестікке жағдай жасау – негізгі бағыттар қатарына кіреді. Сондай-ақ өндірісті арттырып, күрделі әрі технологиялық экономикаға иек арту; адам капиталын дамытып, инвестиция мен білімнің жаға түрін қалыптастыру; экономиканы жасылдандырып, қоршаған ортаны қорғау; мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдап, қоғам алдында сол үшін жауап беруін қамтамасыз ету – басымдықтар қатарына кіреді. egemen.kz