Саясат

Президент індетпен күрестің алғы шебінде жүрген азаматтарға алғыс айтты

Президент індетпен күрестің алғы шебінде жүрген азаматтарға алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында індетпен күресте еңбек еткен дәрігерлерге, құқық қорғау орындарының  қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, еріктілерге алғыс айтты.

"Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы күрделі кезеңде басталды. Елімізде жер жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын сақтап қалу үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттеріміздің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды. Дәрігерлерге, құқық қорғау орындарының  қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге  және осындай шақта бей-жай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын", - деді Президент.

egemen.kz