сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 19:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент Жолдауын толық әрі уақытылы іске асыру үшін барлық қажетті ресурстар бар - А. Мамин

Президент Жолдауын толық әрі уақытылы іске асыру үшін барлық қажетті ресурстар бар - А. Мамин
ашық дереккөзі
Президент Жолдауын толық әрі уақытылы іске асыру үшін барлық қажетті ресурстар бар - А. Мамин
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды.
Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы М. Әбілқасымова, қаржы министрі Е. Жамаубаев, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, энергетика министрі Н. Ноғаев, ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, денсаулық сақтау министрі А. Цой, білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар​ және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Б. Мусин баяндама жасады. «Жолдауда алға қойылған міндеттерді орындау экономиканың орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторына айналады. Мемлекет басшысы жаңа жағдайға сәйкес келетін мемлекеттік және экономикалық саясатты уақытылы әзірлеу бойынша нақты іс-қимыл жоспарын белгіледі», — деді А. Мамин. Премьер-Министр халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін экономиканы одан әрі дамыту бойынша үлкен міндеттер жүктелгенін атап өтті. Жолдаудағы тапсырмаларды орындау бәсекеге қабілетті нақты секторды белсенді дамытуды және экспорт құрылымын әртараптандыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Жолдауды іске асыру стратегиялық маңызды салаларды мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтуге ықпал етеді. Қазақстандық үлесті арттыру бойынша жаңа ұсыныстар дайындап, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеу қажет. Үкімет басшысы бюджеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі ұлттық басымдықтарды қамтамасыз етіп, жоспарлау жүйесінің бір бөлігіне айналуы тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар бюджеттен тыс қорларды ескере отырып, «кеңейтілген бюджетті» енгізу керек.  Тікелей және портфельдік инвестицияларды тарту, отандық тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету мақсатында «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңы пайдаланылады. «Жолдаудың басты мақсаты – тұрғын үйдің қолжетімділігіне, қолайлы отбасылық-демографиялық жағдайларға, жақсы экологияға, қолжетімді әрі сапалы білімге, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесіне негізделген азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына бағытталған», — деді А. Мамин. Премьер-Министр Мемлекет басшысының Жолдауы мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыруға, кадр саясатын, шешім қабылдау және олардың орындалуы үшін жауапкершілік жүйесін қайта қарауға бағытталғанын атап өтті. Халықтың әл-ауқатын арттыру үшін экономиканы одан әрі дамыту бойынша үлкен міндеттер қойылды. Мемлекет басшысы Жолдауының барлық бағыттарын іске асыру бойынша биылғы 7 қыркүйекке дейін Жалпыұлттық жоспар әзірленіп, Президенттің бекітуіне енгізіледі. Үкімет басшысы Президенттің әрбір тапсырмасының орындалуына қатаң бақылау орнатылып, нақты орындалу мерзімі мен жауапты адам белгіленуі тиіс екенін атап өтті. «Бізде Мемлекет басшысының Жолдауын толық әрі уақытылы іске асыру үшін барлық қажетті ресурстар мен құралдар бар», — деді А. Мамин.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар