Президенттің алаңдауы орынды, талабы заңды
Қасымхан Төлендиев,
«Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының басшысы
Қауіпті дертке қарсы шараларға бүгін қатаң, әділ баға берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөзінде бірқатар мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшіліктердің, кейбір еңбек ұжымдарында, өндіріс орындарында, мекемелерінде карантин кезіндегі санитарлық талаптарды сақтамағанның салдарынан 11 мамырда шектеулер алынғаннан кейін вирустың таралуы жеті есе өскенін жеткізді. Расында, бүгінгі базарларда, басқа да сауда орындарында, азық-түлік сататын магазиндерде, кейбір көшелерде халықтың маскасыз, бейқам жүргенін байқаймыз. Оданда сорақысы, кейбір адамдар көпшілік жинап той өткізіп, құдалық, беташар жасап індеттің таралуына себепкер болатынын ойламайды. Арасында елді көшеге, алаңға шақыратындары да кездеседі.
Облыс әкімі, қала, аудан басшылары, медицина саласының мамандары санитарлық, карантиндік режим талаптарын сақтау туралы — көпшілік ішінде маскамен жүру, арақашықтықты сақтау, кірген-шыққанда ыстық сумен қолды 20 секундтай жуу сияқты күнделікті санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау туралы құдайдың күнінде айтып, ескертіп жатқандарын көріп отырмыз. Оған қоса әлеуметтік желі арқылы да, басшылармен қатар, блогерлер, қоғам белсенділері де шырылдап осындай ескертулерді жазып-ақ жатыр. Тіпті олардың ішінде байқамай ауруға шалдығып қалған азаматтардың да жан айқайын естіп жатырмыз.
Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, дәрігерлердің ерлік еңбегін бағалауға, қастерлеуге, ауырғаннан үрейленбеуге, сары уайымға салынбауға шақырды. Оларға жақсы емделумен қатар, құнарлы тамақ, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, иммунитетін көтеріп, жүректеріне сенім ұялатайық, құдайдан жазылып кетулерін тілейік. Орнатылған тәртіпке бағынайық, сыннан сабақ алайық.
«Мемлекеттің ең басты игілігі- сіздердің, Қазақстан азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғауға арналған»- деді Мемлекет басшысы. Дұрыс-ақ! Сақтанып жүрейік, аман болайық!
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жұрттың көкейіндегісін дөп айтты
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2024
Саясат
Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2024