сенбі, 23 қараша, 2024 5:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері облыс активімен кездесті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері облыс активімен кездесті
ашық дереккөзі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері облыс активімен кездесті
12 қараша күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы және республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Ырза Тұрсынзада жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болды. Агенттік өкілдері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық және транпоренттілік қағидаттарын енгізу мақсатында қала активімен кездесу өткізді. Облыс әкімінің орынбасары Беркі Нығмашев төрағалық еткен жиынға Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев, облыстық ақпараттық-үгіт насихат Штабының төрағасы, арнайы мониторингтік топ мүшелері, басқарма басшылары қатысты. Облыс әкімінің орынбасары атап өткендей, Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты міндеттерді айқындап, қоғам мен мемлекет игілігі үшін осы бағытта бірлескен жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, Б.Нығмашев өңірдегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы бірқатар жобалардың, соның ішінде «Жамбылт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының тиімділігіне тоқталды. Аталған жоба аясында мемлекеттік органдардың трансформациялану жайы хабарланды. Қала және 11 аудан әкімдігінде сервистік әкімдіктер ашылып, 99 мекеме OpenSpace форматында жұмыс жасауда. Кездесу барысында ақпараттық-ағартушылық штабтың жетекшісі Ырза Тұрсынзада жемқорлықтың алдын алудағы насихаттық жұмыстар оң әсер беретінін, қоғамдық сананы жаңғыртуда адалдық, адамгершілік қағидаттарын сіңіру қажеттігін айрықша атап өтті. Өз кезегінде, Агенттіктің Парасаттылық департаментінің директоры Ғ.Асанұлы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатынан, оның ішінде Агенттік тарапынан осы дертпен күресу мақсатында қолға алынған жобалармен таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістерге тоқталды. Кездесуді қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары қатысушыларға алғысын білдіріп, жемқорлықтың алдын алудағы жұмыстар жалғасын табатындығын жеткізді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар