сенбі, 28 желтоқсан, 2024 17:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тұрғындар тілегі ескеріледі

Тұрғындар тілегі ескеріледі
ашық дереккөзі
Тұрғындар тілегі ескеріледі

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы туралы бастама көтеріп, оның барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс екенін атап өткен болатын. Бұл ретте Президент мемлекеттік аппарат қызметіндегі проблемалар көбінесе азаматтар мен жергілікті жерлердегі шенеуніктер арасындағы кері байланыстың болмауына байланысты екендігіне назар аударған еді.

Бүгінде Жолдау жүктеген міндеттер аясында өңірімізде кешенді жұмыстар жүргізіліп, шын мәнісінде елдің илігіне қызмет жасауда. Мәселен жуырда Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев тұрғындарды қабылдап, сұрақтарына жауап беріп, мәселелерін бірге талқылады. Жалпы қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі баспана және де жер мәселесін көтеріп, әкімдік тарапынан қолдау көрсетілсе деген тілектерін жеткізді. Өз кезегінде Айтқазы Дәулетқұлұлы аталған мәселе бойынша қала әкімдігі тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Ғазиз Ералиевке нақты тапсырмалар жүктеді. Уақыт оздырмай тұрғындардың талап-тілегіне тиісті жауап берілуі керектігін баса айтты. Ал «Талас» ықшамауданының тұрғыны Аман Әйтімбетов болса тұрақты жұмысқа орналасуына ықпал етуін сұранып, жай-күйін баян етті. А.Әйтімбетовтің мәселесі бойынша Тараз қала әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына тапсырма берілді. Сол секілді тағы бір тұрғын Қарлығаш Дәурембай «Жаңа тұрғын үй» алқабына жарық тартылып, көгілдір отын кіргізілсе деген көптің тілегін жеткізді.

Қабылдауға келіп, көмекке жүгінгендердің қатарында Т.Нұрғожаев пен Б.Сағындықов та болып, толғандырған мәселелерін баян еті. Аты аталған тұрғындар Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағынан тәжік-ауған соғысы ардагерлеріне ескерткіш тақта орнату туралы ұсыныстарын білдірді. Шаһар басшысы да тарихты тану, құрметтеу бүгінгі ұрпақтың парызы екенін тілге тиек етіп, аталған мәселенің маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар ескерткіш тақта орнату бойынша қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің, тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшыларына тапсырма берілді.

  Кәмшат ҚАДЫР

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар