Саясат
Тоқаев Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясын шақырды
- авторjambylinfo.kz
- 20 наурыз, 2024
- 626
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Ақорданың хабарлауынша, бұл сессия «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты тақырыппен өтеді.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы 2024 жылы 24-25 сәуір күндері Астана қаласындағы Президенттік орталықта өтеді», - деп хабарлайды Ақорда.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз