Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Ақорданың таратқан ақпаратына сүйенсек, жиын барысында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған негізгі әдіс-тәсілдерді жандандыру мәселелері талқыланған. Қауіпсіздік кеңесінің отырысында премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндама жасаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін негізгі сын-қатерлерге объективті талдау жасап, олардың алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін айтты.