жексенбі, 30 маусым, 2024 19:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тоқаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады: Нұрлан Ноғаев қызметінен кетті

Тоқаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады: Нұрлан Ноғаев қызметінен кетті
Сурет: Ақорда
Бұл туралы Ақорда хабарлады

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Президент сондай-ақ өзге де бірқатар жарлықтарға қол қойып, ауыс-түйіс жасады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Ерғалиев бұрынғы лауазымынан босап, Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды. Бұрын осы лауазымды атқарған Жанар Айтжан жұмысынан босаған.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Қалдыбайұлы Тілегенов Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Омаров Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының жарлығымен Ақан Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар