Саясат

Тоқаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады: Нұрлан Ноғаев қызметінен кетті

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Президент сондай-ақ өзге де бірқатар жарлықтарға қол қойып, ауыс-түйіс жасады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Ерғалиев бұрынғы лауазымынан босап, Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды. Бұрын осы лауазымды атқарған Жанар Айтжан жұмысынан босаған.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Қалдыбайұлы Тілегенов Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.