Саясат

Тоқаев Грекия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

The final spritzer

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Афина арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген көпжақты ынтымақтастықтың жыл сайын нығайып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынастардың ортақ күш-жігердің арқасында бұдан әрі де дами беретініне сенім білдірді", – делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті Константинос Тасуласке жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал бауырлас грек халқына өркендеу мен игілік тіледі.