сейсенбі, 2 шілде, 2024 20:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тоқаев мемлекеттік сапармен Сингапурға барды

Тоқаев мемлекеттік сапармен Сингапурға барды
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Сингапур Республикасының Президенті Тарман Шанмугаратнаммен келіссөз жүргізді

Бүгін, 23 мамыр күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Президентінің Istana сарайына келді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент Тарман Шанмугаратнам қарсы алды. Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Содан соң Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тарман Шанмугаратнам келіссөз өтетін залға барды.

"Мемлекет басшысы Сингапурды уақыт сынынан өткен сенімді серіктес санайды. Бүгінде Қазақстанда 140-тан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл ретте Сингапурдың Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 1,7 миллиард доллардан асты. Пандемия салдарынан туындаған экономикалық қиындықтарға қарамастан, екіжақты сауда көлемі көп ұзамай 2 миллиард доллардан асады", - деп хабарлады Ақорда. 

Қазақстан Президентінің айтуынша, еліміз сенімді саяси диалогқа, қарқынды дамып келе жатқан сауда және инвестициялық байланыстарға бағытталған екіжақты ынтымақтастықтың мүлде жаңа кезеңіне жол ашуға ниетті.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар