Саясат

Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті

The final spritzer

Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті

Украина тарапының бастамасы бойынша Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаның президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Украина Президенті Қазақстанның қоғамдық ұйымдары арқылы еліне көрсетілген гуманитарлық көмегі үшін Тоқаевқа ризашылығын білдірген.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.