Саясат

Тоқаев туған күнінде қандай торт жейді

Малайзия Премьер-министрі Қазақстан президентіне торт сыйлады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапары аяқталған Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Ақорда хабарлағандай,  Ануар Ибрагим құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевты бүгінгі туған күнімен құттықтаған және оған торт сыйлаған.

Ақорда әлеуметтік желідегі парақшасына әуежайдан суреттер жариялай отырып, торттың суретін де көрсеткен. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толып жатыр.