Саясат

Тоқаев Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді

The final spritzer

Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевті Әзербайжан Президенті сайлауындағы айқын жеңісімен және биыл Бакуде СОР 29 саммитін өткізу мүмкіндігіне ие болуымен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап

Президент Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастығының мазмұны байып, бірлескен ірі жобалармен толыға түскенін және қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалады.

 Әзербайжан Президенті Қазақстанмен арадағы бауырластық байланыстардың беки түскенін айтты.

Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ цифрландыру, азық-түлік қауіпсіздігі және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар екі ел экономикасының дамуына тың серпін беретін инвестициялық жобаларды іске асыру перспективасы қарастырылды.