Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы басталды
Ірі қоғамдық-саяси шара онлайн форматта өтіп жатыр
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы басталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Ақорда хабарлағандай, Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, биылғы сессияны онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.