Трамп АҚШ әскерін Ресей мен Қытайға қарсы дайындыққа жұмылдырды
- авторБақытжан Бекболат
- 4 қыркүйек, 2025
- 838
АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет Fox News арнасына берген сұхбатында президент Дональд Трамптың Пентагонға қарулы күштерді қайта құрып, қажет болған жағдайда Ресей мен Қытайға тосқауыл қоюға дайын болуды тапсырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW.com-ға сілтеме жасап.
Хегсеттың айтуынша, алдыңғы әкімшіліктің әлсіздігі мен қателіктері Мәскеу мен Бейжіңнің жақындасуына жол ашып, АҚШ-тың әлемдегі позициясын әлсіретті.
— Сол себепті президент Трамп қорғаныс министрлігіне армияны түбегейлі қайта құруға және жауынгерлік рухты қалпына келтіріп, тежеу қабілетін күшейтуге тапсырма берді, — деді ол.
Министр Вашингтонның қақтығыс іздемейтінін, бірақ өз азаматтарының қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шараны жасауға міндетті екенін атап өтті.
— Біз Қытайға да, Ресейге де және басқа да мемлекеттерге ашық түрде жеткіздік: дайындық — соғыстың алдын алады. Күш-қуатымыз — халқымыздың қауіпсіздігінің кепілі, — деді Хегсет.
Оның сөзінше, әскери шеру мен демонстрациялар қалыпты құбылыс, бірақ олар ешқашан қақтығысқа ұласуға тиіс емес.
Қазақстан футбол құрамасы бүгін Уэльспен кездеседі
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025






