АҚШ президентінің пікірінше, соғысты тоқтатудың шарты – Украинаның Ресей аннексиялаған Қырымнан бас тартуы және НАТО-ға кірмеуі. Әйтпесе, Трамптың айтуынша, Киев күресті жалғастыруға мәжбүр болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Бұл қалай басталғанын еске түсіріңіздер. Обама кезінде Қырым ешбір оқ атпай беріліп кеткеніне 12 жыл болды, ал НАТО-ға мүше болудан бас тарту – өзгермейтін нәрсе!!!» – деп жазды Ақ үй басшысы өзінің Truth Social желісінде.
Өз кезегінде Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-арнасында Вашингтонға жеткенін хабарлады. Оның сөзінше, Киев «ұзақмерзімді» әрі «шынайы» бейбітшілікке ұмтылып отыр.
«Біз бәріміз соғыстың тезірек әрі сенімді аяқталғанын қалаймыз. Бірақ, ол бұрынғыдай болмауы керек. Украинаға Қырым мен Донбастың бір бөлігін тартып алғызғанда, Путин оны жаңа шабуылға плацдарм ретінде пайдаланды. Немесе 1994 жылы берілген "қауіпсіздік кепілдіктері" секілді болмайды – ол кезде де нәтиже шықпады», – деді Зеленский.
Ақ үйдің хабарлауынша, Трамп пен Зеленскийдің екіжақты кездесуі Вашингтонда 18 тамыз күні сағат 13:15-те (жергілікті уақытпен) өтеді. Сағат 15:00-де Трамптың еуропалық көшбасшылармен кездесуі жоспарланған. Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Вашингтондағы келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі Киевтің қауіпсіздігіне берілетін кепілдіктер болатынын айтқан.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Ашхабадтағы Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025
Тоқаев Швейцарияның жаңадан сайланған Президентін құттықтады
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025






