Бұл туралы ол Ақ үйдің Оңтүстік қақпасында журналистерге Пенсильванияға ұшар алдында айтты.
Бұған дейін Washington Post пен Financial Times басылымдары дереккөздерге сілтеме жасай отырып, керісінше, Трамптың Зеленскийден неге Украина Мәскеуге соққы жасамайтынын сұрағанын жазған болатын. Дереккөздердің айтуынша, Украина көшбасшысы ол кезде АҚШ тиісті қару-жарақ берсе, Қарулы күштер шабуылдауға дайын екенін жеткізген.
Washington Post басылымына ақпарат берген дереккөздің бірі Трамптың Владимир Путинге қысымды күшейту үшін тек Мәскеуге ғана емес, Санкт-Петербургке де соққы жасау ұсынысын айтқанын мәлімдеген.
Бұл жарияланымдарға жауап ретінде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұндай ақпаратты «жалған» деп атады. Ақ үй де бұл мәліметтерді жоққа шығарды: баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт Трамптың «бар болғаны сұрақ қойғанын» және қақтығысты өршітуді мақсат етпегенін айтты.
Трамп пен Зеленский арасындағы жеке әңгіменің мазмұнына қатысты тараптар ресми түсініктеме берген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025






