Саясат
Әулиеатада 2025 жылға дейін 11 мың отбасы баспаналы болады
- авторjambylinfo.kz
- 2 қаңтар, 2021
- 409
Әулиеатада 2025 жылға дейін 11 мың отбасы баспаналы болады
«Nur Otan» партиясынан Жамбыл облыстық және Тараз қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Абай Нұржанов, Арман Еділбаев және Эльмира Мырза-Ғали облыс орталығындағы «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ұжымымен кездесті. Онда кандидаттар дауыс берушілерді партияның 2025 жылға арналған сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Басқосуда «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылары Тараз қаласы үшін өзекті саналатын тұрғын үймен қамту мәселесін көтеріп, дәл осы түйткілдің түйінін тарқатуда партияның жоспары жайында сұрады.
–Азаматтарды баспанамен қамтудың барлық мүмкіндіктері «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында нақты қарастырылған. Партия облыс аумағында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары тиімді жүзеге асырылуын бақылайтын болады. 2025 жылға қарай облыс бойынша әр тұрғынды тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін 17,1-ден 19,8 шаршы метрге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Осылайша шамамен 5 жылда Тараз қаласы мен аудандарда 156 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Ал 350 үйде өмір сүруге қолайлы жағдай жасау үшін алпы ұзындығы 550 шақырым болатын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізіледі.
Өңірде 2025 жылға қарай 11 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Партияның сайлауалды бағдарламасындағы көпжылдық жоспарларының үдесінен шығу үшін сіздерді 10 қаңтарда бір ауыздан «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамыз,– деді кандидат Абай Нұржанов.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында өздерінің көкейінде жүрген өзекті мәселелердің шешудің жүйелі жоспары түзілгеніне ризашылық білдірген «Бином» партияны қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Тараз қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Таразда мемлекеттік қызметтердің тиімділігі артады
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Тоқаев Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде не айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024