Ол бүгін америкалық әріптесі Дональд Трамппен кездеседі
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында жазды.
"Вашингтонға келіп жеттім. Ертең АҚШ президентімен кездесу. Сондай-ақ, ертең еуропалық лидерлермен де сөйлесеміз. АҚШ президентіне шақырғаны үшін ризамын", – деп жазды Зеленский.
Ол Украина ұзақ мерзімді бейбітшілікке ұмтылатынын атап өтті.
"Мен Американың және біздің еуропалық достарымыздың ортақ күші Ресейді шынайы бейбітшілікке мәжбүрлейді деп үміттенемін", – деді Зеленский.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Мемлекет басшысы Ашхабадтағы Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025
Саясат
Тоқаев Швейцарияның жаңадан сайланған Президентін құттықтады
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025






