«Қымбатты досым»: Си Цзиньпин Тоқаевқа Қытай Қазақстан үшін тірек болатынын мәлім етті
- авторjambylinfo.kz
- 3 шілде, 2024
- 534
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қазақ жерінде құрмет көрсеткені үшін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Ақордада сөз сөйлеген Си Цзиньпин ерекше ықыласпен қарсы алып жатқан Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы қарым-қатынастың басымдықтарына тоқталды. Өз сөзінде ол Тоқаевты қымбатты досы ретінде атап, ілтипат танытты.
«Құрметті Президент мырза, қымбатты досым! Менің сапарыма мән беріп отырғаныңызға ризашылығымды білдіремін. Сіз Мемлекет басшысы қызметіне кіріскен сәттен бастап реформалар мен елдің дамуын белсенді әрі мақсатты түрде ілгерілетіп келесіз. Ішкі және сыртқы саясатта тиімді шаралардың тұтас топтамасын қабылдадыңыз. Соның нәтижесінде еліңіздің жалпы қуаты мен халықаралық беделі айтарлықтай артты. Тату көрші ретінде біз бұл жетістіктерге шын жүректен қуанамыз. Былтыр екеуіміз Сиань мен Бейжіңде екі рет кездесіп, жаңа жоспарларды белгіледік. Сондай-ақ «алтын отыз жылдықта» қытай-қазақ қатынастарын қарқынды дамытудың негізгі бағыттарын айқындадық. Қытай Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты әрдайым стратегиялық тұрғыдан және ұзақмерзімді перспектива деңгейінде қарастыратынын растағым келеді. Сондай-ақ көршілес елдерге қатысты ұстанатын өзінің сыртқы саясатында Қазақстанға басымдық береді және Орталық Азиядағы маңызды серіктес ел санайды. Қытай-қазақ байланыстарын қамтамасыз етуде біздің ерік-жігеріміз бен ұстанымымыз өзгермейді және конъюнктуралық ықпалға ұшырамайды. Қытай әрқашан Қазақстанға сенімді тірек болатынын мәлімдеймін», – деді ҚХР Төрағасы.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Бүгін – Халықаралық спорт журналистері күні
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2024
Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2024