сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 5:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қырғыз Республикасы: Көпшілік Садыр Жапаровты таңдады

Қырғыз Республикасы: Көпшілік Садыр Жапаровты таңдады
ашық дереккөзі
Қырғыз Республикасы: Көпшілік Садыр Жапаровты таңдады

Кеше, яғни 10 қаңтарда кешкі сағат 20:00-де Қырғызстанда кезектен тыс Президенттік сайлау мен бүкіл­халықтық референдумның нәти­жесі жарияланды. Қырғыз Респуб­ликасының Орталық сайлау комис­сиясының (ОСК) мәліметі бо­йынша сайлау учаскелерінде дауыс беру үшін 3 563 574 азамат тіркелген. Сайлаушылар екі бюллетень арқылы өз қалауларын білдірді. Біреуінде 17 кандидаттың ішінен елдің болашақ Президентін таңдау, екіншісінде сайлаудан кейінгі уақыттағы басқарудың пре­зи­денттік не парламенттік жүйесін таң­дау мәселелері қойылған.

Қырғыз Республикасының Президенті болып жасы 35-тен төмен емес, 70-тен жоғары емес, Республикада жалпы 15 жылдан кем емес уақыт тұрған, мемлекеттік тілді білетін азамат сайлана алады.

Орталық сайлау комиссиясының тө­райымы Нұржан Шайлдабекованың осы ме­кеменің баспасөз орталығында кешкі сағат 20:40-та жариялаған ақпаратына қарағанда, республикадағы сайлау учаскелерінің 87 па­йызынан электронды есептеу арқылы алынған мәліметтерге сәйкес, 1 230 627 адам, яғни сайлауға құқығы бар азаматтардың 34,33 пайызы дауыс беруге қатысқан. Олардың 79 пайыздан астамы президенттік қызметке Садыр Жапаровтың кандидаттығын жақтап дауыс берген. Бұл 1 миллионға жақын сайлаушы. Екінші орынды 6 пайыздан артық дауыспен Адахан Мадумаров, үшінші орынды 2 па­йыздан аса дауыспен өзбек халқының өкілі, іскер Бабыржан Төлбаев иеленген. Басқа талапкерлер екі пайызға жетер-жетпес және бір пайыздың арғы-бергі төңірегінде дауыс алған. Әйелдер арасынан жалғыз кандидат Клара Сооронкулова 11 263 сайлаушының, былайша айтқанда бір пайызға жақын дауыс алды.

Айта кетейік, елдің сайлауға тиесілі заң­намаларында президенттік сайлауда дауыс берушілердің шегі белгіленген емес. Ал енді референдумдарды өткеру бойынша заңда сайлау құқығы бар азаматтардың 30 пайызы өз дауыстарын берсе, референдум нәтижесі есепке алынады. Жоғарыда мәлімделгендей, сайлаушылардың қатысуы белгіленген шектен асты. Дауыстарын берген сайлаушылардың 80 пайыздан астамы басқарудың президенттік жүйесін таңдаған.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар