жұма, 27 желтоқсан, 2024 6:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өзекті мәселелер нақтыланды

Өзекті мәселелер нақтыланды
ашық дереккөзі
Өзекті мәселелер нақтыланды
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриот­тық партиясы Орталық коммуникациялар қыз­метінде «Ел аманаты» жалпыұлттық сауал­дамасының қорытындысын жариялады. «Ауыл» партиясының мүшелері өткізген баспасөз мәслихатында сауалдамаға республика бойынша 212 658 қазақ­стан­дықтың қатысқаны айтылды. Партия төрағасының орынбасары Төлеутай Рақымбеков халық ең өзекті деп көрсеткен мәселелерге тоқталды.
«Партиялық актив сауалдама негі­зінде 14 проблеманы айқындап алды. Олардың ішінде жетеуін сауалдамаға қатысушылар 100 пайыз ең өзекті мәселе ретінде көтеріп отыр. Олар: шетел аза­мат­тарына жердің жалға берілуіне және сатылуына тыйым салу, жаңа әлеу­меттік саясатты құру, әр балаға жәр­демақы беру, ауылды елді мекендерде оңтайландыру жылдарында жабылып қалған медициналық мекемелердің жұмысын жандандыру, бүкіл ауылды, оның ішіндегі шалғайдағы ауылдардың барлығын интернетпен қамтамасыз ету, шағын және орта бизнес өкілдері мен фермерлерге 2-4 пайызбен несие беру, сонымен қатар олардың коммуналдық шығындарын субсидиялау, атажұртқа оралатын қандастардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуын жеңілдету, тиімсіз бағдарламаларға миллиардтап қаражат жұмсауды тоқ­тату», деді Т. Рақымбеков. Сауалдамаға қатысқандар 14 сұрақтан басқа, өздерін алаңдатып жүрген проб­лемаларды да көрсеткен. Соның ішінде 17 854 бюллетеньде қосымша мәселелер көрсетілген. Мысалы, 1000-нан астам адам сауалдамадағы 10 проблемалық мәселені белгілеген. Оның ішінде ауыз су, газбен жабдықтау, интернет бо­йын­ша 3 671 ұсыныс келіп түсті. 2 787 адам ауыл шаруашылығы өндірушілерін мемлекеттік қолдауды жетілдіру, несиелер мен субсидиялардың қолжетімділігі, кооперация негізінде әділ бағалар бо­йынша ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және өткізу жүйесін құруды қолдаған. Ел тұрғындары азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бағаның өсуіне және құрамында ГМО бар өнім­дерді сатуға жол бермеу мәселесін де өзекті деп тапқан. Сондай-ақ 2 758 рес­пондент ипотеканы төлеуге мүмкіндік болмаған жағдайда тұрғын үйді кейін сатып алу мүмкіндігін қарастыра отырып, жалға берілетін тұрғын үй сана­тына ауыстыру туралы ұсыныс жаса­ған. 2 448 респондент жастар үшін жұмыс орындарын ашуды, оның ішінде зейнеткерлік жасты төмендету арқылы оны көбейтуді ұсынды.  Пандемияға байланысты қызметін ішінара немесе толық тоқтатқан кәсіпкерлерге 2 жылға дейін несиелік демалыс беру туралы 2 141 ұсыныс келіп түскен. Одан бөлек 1 793 адам тұрғын үй алу, шаруашылық жүргізу және кәсіпкерлік қызмет үшін кредиттер бере отырып, жұмыс күші артылған оңтүстік өңірлерден жұмыс күші тапшы солтүстік өңірлерге ішкі көші-қонды ынталандыру туралы айтқан. Студенттер үшін автобустарда, пойыздарда және ұшақтарда жүру тарифтерін 30 пайыздан бастап 50%-ға дейінгі жеңілдікті қалпына келтіру туралы ұсынысты 2 мыңға жуық адам қолдады. Ал спорт алаңдары мен стадион­дар салу, әр ауылда денсаулық сақ­тау және мәдениет мекемелерін қал­пына келтіру бойынша 1 174 ұсыныс келген. Ең өзекті мәселелердің ондығын суармалы және жайылымдық жерлерді қалпына келтіру және тиімді пайдалану қорытындылады. Партия өкілдері сауалдама нәти­жесінде анықталған мәселелер мен ұсы­ныстар партия бағдарламасына енетініне сендірді.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар