Зерттеу: Қазақстандағы министрлердің ең жасы - 36, ең үлкені зейнет жасына жақын
Еліміздегі ең жас министр көлік министрі болса, ең үлкені - Экология министрі
Биыл 20 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстандағы министрлердің орташа жасы 49,9 жас. Бұл туралы Ranking.kz жазады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Аналитикаға сүйенсек, еліміздегі ең жасы үлкен министр – 62,5 жастағы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев. Одан кейінгі қатарда 58 жастағы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен 57 жастағы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров тұр.
Ең жасы – Көлік министрі Марат Қарабаев, ол 36 жаста. Одан кейінгі «жастардың» қатарын 40 жастағы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен 41 жастағы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин толықтырады.