Саясат

Жалақым бір миллион теңгеден сәл асады – қаржы министрі

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер бірыңғай сетка бойынша жалақы алады

Жаңадан тағайындалған қаржы министрі Мәди Тәкиев айлық жалақысы бір миллион теңгеден асатынын мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Мәди Тәкиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Ол қаржы министрі қызметіне тағайындалуына байланысты Мәжілістен кетті.

Парламент кулуарында журналистер шенеуніктен қаржы министрі ретінде қанша жалақы алатынын сұрады.

Айта кетейік, былтыр үшінші тоқсанда қазақстандықтардың орташа жалақысы 350 мың теңге болған.