сенбі, 23 қараша, 2024 2:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл ауданындағы ауыл тұрғындары мектеп салу мәселесін көтерді

Жамбыл ауданындағы ауыл тұрғындары мектеп салу мәселесін көтерді
ашық дереккөзі
Жамбыл ауданындағы ауыл тұрғындары мектеп салу мәселесін көтерді

Жамбыл ауданы Ақбастау ауылдық округінің әкімі Нұрсұлу Дүзееваның есеп беру жиынында жергілікті тұрғындар облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтан Шоқай ауылында 150 орынды мектеп салу мәселесін көтерді. Ұсыныс қолдау тапты, алайда сметаны қайта қарау керек. Себебі, аталған құжат бойынша шағын білім беру нысанының жобалық құны 830 миллион теңгені құрап отыр десек, бұл өз кезегінде сұрақ туындатпай қоймайды.

Сондай-ақ, Бірлесу Еңбек ауылына балабақша керек десек, бұл мәселенің жауабы Нұрсұлу Дүзееваның баяндамасын талқылау барысында табылды. Жөндеуден өткізілген соң ескі мектеп ғимаратында мектепке дейінгі мекеме ашылатын болды. Ал Шоқай ауылында демеушілер есебінен ауылдық клуб салынбақ.

Нұрсұлу Дүзееваның айтуынша, округтің екі ауылын қосқанда жалпы 2065 адам тұрады. Өткен жылы 4,1 мың гектар алқаптан 27 тонна түрлі дақыл жиналған десек, оның ішінде дәнді және бақша дақылдары, қызылша, жүгері, картоп бар. 145 гектарға тамшылатып суару әдісі қолданылады. Барлығы 303 шаруа қожалығы тіркелген. Бордақылау алаңдары салынып, балық шаруашылығы дамуда.

Шамамен 200 адам жақын маңдағы «НДФЗ» және «КнауфГипс-Тараз» ірі кәсіпорындарында еңбек етеді. АӘК алушылар саны 57-ден 5-ке дейін қысқарған, 59 ауыл тұрғыны грантқа ие болған. Пайдаланусыз жатқан 186 гектар жерге тамшылатып суару технологиясын қолдана отырып, жеміс бақшаларын құру жұмыстары жоспарлануда. Ағымдағы жылы инженерлік инфрақұрылым жүргізу және жеке тұрғын үй құрылысы үшін кезекте тұрғандарға 1800 жер телімін беру көзделуде.

- Мемлекеттік даму бағдарламаларының мүмкіншілігін, әсіресе мал шаруашылығында тиімді пайдалану қажет. Әкімдердің басты міндеті - халыққа мемлекеттік қолдаудың артықшылықтарын түсіндіру екенін үнемі қайталап келемін. Аграрлық секторды дамытудағы кедергі - шаруа қожалықтарының шашыраңқылығы. Егер сіздер біріксеңіздер, ол жұмыстарыңызда серпіліс жасауға үлкен мүмкіншілік болар еді.

Тағы бір мәселе - ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу өнеркәсібінің тұралауы. Облыс орталығына іргелес жатқан аудандар Тараз қаласын көкөністер мен жемістермен толық қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан мемлекеттік бағдарламаларға сүйене отырып, белсенді түрде қайта өңдеу цехтарын құрып, сақтау қоймаларын салу қажет. Осы мақсатта «Тараз» ӘКК-мен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасау маңызды.

Биыл біз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтудеміз. Еліміздің өткен кезеңдегі жетістіктерін сауатты және жан-жақты насихаттау, ұлттық дәстүрлерімізді, отбасының рөлі мен маңыздылығын жаңғырту қажет, - деп атап өтті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар