сенбі, 23 қараша, 2024 9:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жолдау халыққа кеңінен насихатталуда

Жолдау халыққа кеңінен насихатталуда
ашық дереккөзі
Жолдау халыққа кеңінен насихатталуда

Мемлекетіміз мығым болуы үшін Мемлекет басшысы тарапынан халыққа арналып жарияланатын Жолдаулардың маңызы айрықша. Өйткені аталған құжат мемлекеттің жоспарлау саясатына негізделеді. Онда ұзақ мерзімді даму мен экономикалық өсім һәм кез келген саланы дамыту мәселесі айқындалып, елдің ішкі-сыртқы саясаты, ұлттық патриотизмге баса мән беріледі. Жолдау сонысымен құнды. Негізінен бұл жаңа саяси бағыттарда жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы Қазақстанның жаңа келбетін жасауға арналған еңбек. Осы арқылы кез келген мемлекеттің әлем елдері арасында өресі биік, мәртебесі үстем болуына жол ашылады. Еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі жеткен жетістігіне Елбасының да, Мемлекет басшысының да Жолдаулары септігін тигізгені анық. Мәселен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі» Жолдауы да халық пен биліктің алдында тұрған шешілуі тиіс мақсат-мүдделерге негізделген. Аталмыш Жолдау еліміздің кез келген өңірінде, ауданда, әрбір елді мекенде түсіндірілуінің де маңызы айрықша. Себебі еліміздің түкпір-түкпірінде құрылған ақпараттық-насихаттау тобының жұмыстары Жолдау жүктеген міндеттердің орындалуын, мән-маңызын халыққа жеткізу. Ауданда осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар Қордай ауданының әкімі Рүстем Дәулеттің тікелей назарында. Қазір ауданға қарасты елді мекендерде Қазақстан Республикасының Президентінің аталған Жолдауын халыққа түсіндіру жөніндегі жұмыс аудан әкімінің орынбасарларының ауылдық округтерге шығу кестесі және Жолдауды ақпараттық сүйемелдеу бойынша өткізілетін іс – шаралар жоспары негізінде жүзеге асуда. Бүгінде аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қыркүйектің 10-11 аралығында 27 елді мекенде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аталмыс іс-шалар бойынша 1080 адам қамтылыпты. 116 азаматқа әдістемелік көмек көрсетілген. Ал қазанның 8-9 күндері аралығында 28 елді мекенге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 840 адам қамтылыған. 98 азамат әдістемелік көмеккке жүгінген. Сондай-ақ, Жолдаудың мәтіні (логотип арқылы) мемлекеттік және ресми тілде бұқаралық ақпарат құралдарында және мемлекеттік органдардың ресми сайттарына орналастырылыпты. Сыртқы көрнекі ақпарат құралдары (Жолдау атауы және логотипімен, тезистері) 19 ауылдық округте ілінген. Қоғамдық пікір көшбасшыларының, түрлі саладағы ардагерлердің, зиялы қауым және үкіметтік емес ұйым өкілдерінің жергілікті баспа басылымдарында және аудан әкімдігінің ресми сайттарында 35 пікірі жарияланса, «Jambyl» және «77 TV» телеарналарында 4 сюжет көрсетілген. Сонымен қатар, Жолдау жүктеген міндеттерді Қордай ауданының тұрғындарына түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық топ мүшелері ауылдық округтерде қыркүйектің 07-09 және қазанның 22-23 аралығында, қараша айының 26-27 аралығында түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Облыстық, жергілікті БАҚ-та Жолдауды түсіндіру жұмыстарының барысы бойынша кеңінен ақпараттандырылған.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар