18 жастағы Азия чемпионының өліміне күдікті ұсталды
18 жастағы Азия чемпионының өліміне күдікті ұсталды
Қазақстандық спортшы төбелес кезінде оққа ұшқан.
Атырауда грэпплинг бойынша Азия чемпионы 18 жасар Есенбек Сигуатовтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды, - деп хабарлайды "Мой город". Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 9 тамызда жергілікті уақыт бойынша түнгі 03:10-да болған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша іс қозғалды", - делінген Атырау облыстық ПД хабарламасында. қайтыс болғаны айтылды.
"Ол жүрек тұсынан жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды. Бір апта бұрын ол 18-ге толған еді. Атырау облыстық полиция департаменті осы іске қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ. Кісі өлтірушінің ұсталған, не ұсталмағаны да белгісіз. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, келесі күні Дамбы ауылында полицейлер рейд жүргізген",- делінген "АЖ" хабарламасында.