19 жастағы қазақстандық футболшы Еуропа клубына ауысты
- авторСадуақас Айсұлу
- 22 қыркүйек, 2025
- 368
Қазақстандық футболшы Шахмырза Адырбеков енді мансабын Словакияның жоғары дивизионында жалғастырады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 1bol.kz сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, Шахмырза Адырбеков жергілікті "Тренчин" клубымен 2026 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа отырған. Құжатта қосымша тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылғаны жазылған.
Адырбеков алғашында "Тренчиннің" қосалқы құрамында өнер көрсеткенімен, өзінің ойынымен негізгі команданың бапкерлік штабының назарын бірден аударған. Қазір ол нидерландиялық маман Рикардо Монизаның жетекшілігімен бірінші команданың жаттығуларына қатысып жүр.
Басылым Шахмырза Адырбеков қазақстандық футбол жанкүйерлеріне "Тобылдың" жастар құрамындағы ойындарымен жақсы таныс екенін жазады.
Ол QJ League-де 18 матч өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ Қостанай клубының негізгі құрамында 3 ресми ойынға қатысып үлгерген. Бұған қоса, екінші лигада 8 кездесуге шығып, 1 ассист жасаған. Былтыр Қазақстан кубогында негізгі құрам сапында дебют жасаған.
"Тренчин" – Словакия футболындағы ең беделді клубтардың бірі. Команда екі рет ел чемпионы атанған (2015, 2016) және қазіргі таңда чемпионат кестесінде 5-орында тұр.
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025





