Спорт

2026 жылғы Олимпиада: Қазақстан шаңғы жарысынан командалық спринтте финалға өте алмады

Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында шаңғы жарысынан командалық спринт бәсекесінің іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл сайыста ел намысын Надежда Степашкина мен Дарья Ряжко қорғады.

Финалға шығу үшін іріктеу қорытындысы бойынша үздік 15 команданың қатарына ену қажет еді. Алайда бұл міндетті қазақстандық жұп орындай алмады.

Степашкина мен Ряжко 7:14.61 уақыт көрсеткішімен 17-орын алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы финалдық кезеңге өте алмады.