2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Министр Ербол Мырзабосыновтың сөзінше, Будапешттегі сапар аясында Халықаралық Дзюдо Федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен өте маңызды кездесу өткізіліп, нәтижесінде елімізде дзюдоны дамыту бағытында бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізілген.
- Дзюдоның жанкүйерлеріне жақсы жаңалық! 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді. Сонымен қатар, Халықаралық Дзюдо Федерациясының академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Бұл бастама біздің спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың кәсіби деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізетініне сенімдімін,- деді министр.
Ұлытау облысының әкімі тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024
Президент гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024