Спорт

23 жасына дейін «Алтын-Ордада» сауда істеген жамбылдық Асу Алмабаев UFC турнирінде жеңіске жетті

АҚШ-тың Майами қаласында өткен UFC 299 турнирінде Жамбыл облысыны тумасы, қазақстандық спортшы Асу Алмабаев америкалық Си Джей Вергараны жеңді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұл — 30 жастағы Асу Алмабаевтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі және екінші жеңісі. Былтырғы дебютінде де Асу Алмабаев тағы бір америкалық спортшыдан басым түскен болатын. 

Айта кетейік, Асу Алмабаев 1994 жылы қаңтарда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңаталап ауылында туған. Ұлты – қазақ. Ашық дереккөздерге сүйенсек, Асу Алмабаев 23 жасына дейін «Алтын-Орда» базарында сауда сатқан.