Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Абылайхан Жүсіпов 1/8 финалға жолдама алды
IBA ұйымдастырып жатқан бокстан әлем біріншілігінде Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы, 71 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Абылайхан Жүсіпов алғашқы жекпе-жегінде айқын басымдық танытты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол Армения спортшысы Арарат Арутинянды еш мүмкіндік бермей, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңді.