Спорт

"Алғашқы алтын": Элина Базарова «Странджа» турнирінің жеңімпазы атанды

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бокстан София қаласындағы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жастар арасында әлем чемпионы, 54 келідегі Элина Базарова финалдық жекпе-жекте Англия спортшысы Лорен Маккимен айқасты.

Соққы алмасуда дәлдік танытқан отандасымыз кездесуде 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Элина Базарованың жарыстағы жолы:

1/8 финал. Моник Сурачи - 4:1

1/4 финал. Айшен Ташкын - 5:0

1/2 финал. Анель Сақыш - 3:2

Осы салмақта жүлде кімге бұйырған?

2025 жыл. Анель Сақыш, Сымбат Әлиасқар

2022 жыл. Дина Жоламан