"Қалайша бір спортшы осыншама төзімді әрі шыдамды болады?" - Халықаралық дзюдо федерациясы
Халықаралық дзюдо федерациясы 3 бірдей олипиада ойындарында жетістікке жеткен жерлесіміз туралы "Оның қолынан бәрі келеді" деп жазған
Халықаралық дзюдо федерациясы Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың жетістіктеріне жоғары баға берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Азаттық сайты телеграм-арнасында жариялағандай, федерация «Парижде алтын алған Елдос Сметов жайлы мақаласында "Қалайша бір спортшы осыншама төзімді әрі шыдамды болады? Кім әр жыл сайын осындай жоғары деңгейде күресіп, нәтиже көрсете алады? Ол – Елдос Сметов" деп жазған.