Спорт

Александр Бублик Ханчжоудағы ATP 250 турнирінде чемпион атанды

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Финалда Бублик Франция атынан сынға түскен Валентен Руайемен кездесті.

Матч екі сетке созылып, қазақстандық теннисші 7:6, 7:6 есебімен басым түсті.

Бұл - Бубликтің биылғы маусымдағы бесінші трофейі.