Спорт

Алматыда фристайл-могул мен фристайл-акробатикадан Әлем чемпионаты өтеді

Бапкерлер штабы Әлем біріншілігінде медальға таласатын қазақстандық могулистерді бекітті

7-11 қаңтар аралығында «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында фристайл-могул мен фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.   

Қазіргі уақытта қазақстандық бапкерлер штабы Әлем біріншілігінде медальға таласатын қазақстандық могулистердің тізімін жариялады.

Олардың қатарында: Анастасия Городко, Юлия Феклистова, Анастасия Ларионова, Виктория Кузнецова, Юлия Мокина, Семён Русаков, Ильнар Ибрагимов, Данил Коротков, Алексей Дениярёв, Денис Раструба.