«Алтыннан дәмелімін». Елдос Сметов Жақсылық Үшкемпіровтың үмітін ақтай ала ма
- авторМағжан Орынбасар
- 13 мамыр, 2024
- 779
Дзюдодан Рио де Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов биыл Парижде алтын алғысы келетінін айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жастар арасындағы Әлем чемпионаты мен Азия чемпионатының жеңімпазы Елдос Сметовтың мойнында тек Олимпиаданың ғана алтыны жоқ. Жасындай жарқырап, Рио де Жанейро Олимпиадасында атой салғанымен, ақтық сайыста ресейлік спортшы Беслан Мудрановқа есе жібергені есімізде. Ал, 2021 жылы Токиода жапондық Наохиса Такатодан жеңіліп, қола жүлдені місе тұтқан. Жамбыл облысынан шыққан даңқты спортшы биыл Париж Олимпиадасына барады, бұл жолы Сметов алтыннан дәмелі. Бұл ойын ол Астана төрінде өтіп жатқан гранд-слэм турнирінде қола жүлде жеңіп, журналистерге сұқбат берген кезінде айтты. Елдос Сметов марқұм спорт саңылағы Жақсылық Үшкемпіровтың елордада 2015 жылы әлем чемпионы атанған шағында берген батасын еске алып, ел абыройы үшін намысқа тырысатынын жеткізді.
"Әттең, Жақсылық Үшкемпіров биыл тірі болғанда 73 жасқа толар еді. Күресімізді көрер еді. 2015 жылы Әлем чемпионы болғанымда өзінің жеп отырған қасығымен тамақ беріп, "менің жолымды басқан қазақ баласын көрсем екен" деген еді. "Сенен Олимпиада чемпионы шығатынына сенемін" деп батасын берген. Мені спортта ұстап тұрған нәрсенің бірі осы. Олимпиада алтынын алу өзімнің де мақсатым. Ел мүддесі мен абыройы үшін менің шаршауға қақым жоқ",- деді Елдос Сметов.
Ұқсас жаңалықтар
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024
Президент гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024