Спорт
Астанада өткен бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетті
- авторБақытжан Бекболат
- 6 сәуір, 2025
- 1.3k

Елорданың «Барыс Арена» спорт кешенінде өткен кеште қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті рет өз шеберлігін дәлелдеді
Ол франциялық Анауэль Нгамиссенді бесінші раундта нокаутпен жеңіп, WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атақтарын сәтті қорғады, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Бұл – Жәнібектің кәсіпқой рингтегі 17-жеңісі. Ол осы уақытқа дейінгі барлық қарсыласын тізе бүктіріп келеді. Жекпе-жек отандасымыздың толық бақылауында өтіп, жанкүйерлеріне ерекше әсер сыйлады.
Жәнібек өз елінде 2017 жылдан бері алғаш рет жұдырықтасып, ел алдындағы өнерін керемет жеңіспен аяқтады.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Елена Рыбакина Австралияға қарсы тарихи жеңісқа қол жеткізді
- авторБақытжан Бекболат
- 10 сәуір, 2025