Спорт

«Қайқармет» жігіттері жарады

«Қайқармет» жігіттері жарады

Биыл «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының ұйымдастыруымен базарларда еңбек ететін жастар арасында «Дүйсенбілік футбол» турнирі бастау алған болатын. Доп додасының алауы еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қызылорда және Тараз қалаларында тұтанып, шаһар бойынша бес топқа бөлінген. Міне осы аламан «Тараз-Арена» спорт кешенінде мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды.

Өңірлік додада «Ауыл-Береке», «Гранд Базар», «Қайқармет», «Автотауар», «Орталық», «Жібек жолы», «Автобазар», «Автогид», «Дәмді себет», «Фиркан» және «Айрылмас» сынды командалар бақ сынаса, ақтық айналымға «Орталық базар», «Ауыл-Береке-2», «Қайқармет» және «Гранд Базар» топтары шықты. Тартысты өткен финалдық ойындардың нәтижесінде «Қайқармет» командасы жеке дара топ жарып 300 мың теңгеге иелік етсе, «Орталық базар» командасы жүлделі екінші орынға табан тіреп, 200 мың теңге сыйақымен марапатталды. Үздік үштікті түйіндеген «Гранд базар» командасы 100 мың теңгеге қол жеткізді.

 

Саян Тілеужан