Спорт

Аянат Жұмағали Ислам ойындарында қола медаль иеленді

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Отандасымыз 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, серпе көтеру сайысында 128 келіні бағындырды. Осы нәтижесінің арқасында Аянат Жұмағали жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.