«Қайрат» әлемнің үздік футбол клубтарының қатарына енді
Айта кетерлігі, «Қайрат» бірқатар аты танымал еуропалық ұжымдарды артта қалдырды
Халықаралық футбол тарихы мен статистика федерациясы (IFFHS) әлемдегі ең үздік 500 клубтың жаңартылған тізімін ресми сайтында жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған рейтингке Қазақстан атынан тек алматылық «Қайрат» клубы енді. Команда 90,75 ұпай жинап, жалпы тізімде 240-орынға тұрақтаған.
Айта кетерлігі, «Қайрат» бірқатар аты танымал еуропалық ұжымдарды артта қалдырды. Атап айтқанда, Францияның «Ницца» клубы 242-орында, Испанияның «Севильясы» 252-орында, ал Англияның «Вест Хэм» командасы 253-сатыға жайғасқан.
Ал рейтингтің көш басында Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы тұр. Екінші орынды Испанияның «Реал Мадрид» командасы иеленсе, үздік үштікті Лондонның «Челси» клубы түйіндеді.
Бұл рейтинг клубтардың 2024 жылғы 1 желтоқсаннан 2025 жылғы 30 қарашаға дейінгі нәтижелерін есепке ала отырып жасалған.