Спорт

"Қайтадан шақырту алдым": Темірлан Анарбеков қай командадан шақырту алғанын айтты

Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков ұлттық құрамаға қайта оралғанын мәлімдеді. Ол «Селтикке» қарсы тарихи жеңістің бүкіл команданың еңбегі екенін атап өтіп, алда ұлттық құрамамен де табысқа жетуге сенетінін айтты.

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков қайтадан ел сапына қосылды. Бұл туралы ол клубтың ресми парақшасында жарияланған видеода мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол «Селтикке» қарсы тарихи жеңісті де ерекше атап өтіп, бұл жетістік бүкіл команданың еңбегінің нәтижесі екенін айтты. Сондай-ақ бапкерлер штабы мен клуб басшылығына сенім білдіргені үшін алғысын жеткізді.

Айта кетейік, «Қайрат» Шотландияның «Селтигін» жеңіп, тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті. Алматы клубы алғашқы ойынын 18 қыркүйекте сырт алаңда Португалияның «Спортингіне» қарсы өткізсе, 30 қыркүйекте Мадридтің «Реалымен» күш сынасады.