Спорт

Қазақстан құрамасы көркем жүзуден алтын алды

Көркем жүзуден бақ сынаған команда 13-15 жас арасында аралас топтық сайыста чемпион атанды

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Ұлттық құрама қоржыны 1 алтын медальмен толықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.


Команда құрамында Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадуллина, Анжелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Жаманчалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирёва, Аяулым Жақпаева, Перизат Багаева өнер көрсетті.