Қазақстанда оқушылар арасында XIII қысқы гимназиада басталады

Спорттық шараға еліміздің барлық өңірінен 700-ге жуық оқушы қатыспақ
10 ақпан күні оқушылар арасында XIII қысқы гимназиада басталады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының дерегінше, спорттық шараға еліміздің барлық өңірінен 12-18 жас аралығындағы 700-ге жуық оқушы қатысады.
Гимназиада сегіз спорт түрі - шаңғы жарысы, қысқы президенттік сайыс, биатлон, қысқы спорттық бағдарлау, шорт-трек, бенди (допты хоккей), шайбалы хоккей және мәнерлеп сырғанау бойынша өтеді. Барлығы 162 медаль және 15 кубок сарапқа салынады.
Қазақстан оқушыларының XIII қысқы гимназиадасы Батыс Қазақстан облысында, Орал және Ақсай қалаларында сәуір айына дейін жалғасады.