Спорт

Қазақстанда стенд атудан әлем кубогының кезеңі өтеді

Турнирге әлемнің 70 елінен 500-ден астам спортшы қатысады

Қазақстанда стенд атудан Әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыс Алматы облысында Александр Асанов атындағы ату клубында ұйымдастырылады. Әлем кубогының кезеңіне әлемнің 70 елінен 500-ден астам спортшы қатысады.

Турнирде «трап», «скит» дисциплиналары бойынша және аралас командалар арасындағы сайыста сегіз медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Әлем кубогының кезеңі 2-11 мамыр аралығында өтеді.