Қазақстандық балуандар U20 әлем чемпионатында төрт медаль жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 25 тамыз, 2025
- 419
Болгарияның Самоков қаласында өткен грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы (U20) әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жарысты сәтті аяқтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Доданың соңғы күнінде екі балуанымыз бозкілемге шықты. 87 келіге дейінгі салмақта белдескен Темірлан Тұрдақын қола жүлде үшін өткен кездесуде әзірбайжандық Орхан Гаджиевті жеңіп, үздік үштікке енді.
Ал 63 келіге дейінгі салмақта күрескен Дамир Ибраишов та үшінші орын үшін бақ сынады. Өкінішке қарай, ол ресейлік Игорь Пунченкодан ұтылып, жүлдесіз қалды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы U20 әлем чемпионатында төрт жүлде жеңіп алды:
Диас Сейітқалиев (82 кг) – күміс медаль;
Арсен Жұма (55 кг) – қола медаль;
Юсуф Ашрапов (72 кг) – қола медаль;
Темірлан Тұрдақын (87 кг) – қола медаль.
Шымкентте үшауысымды оқыту мәселесі толық шешілді
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






