жексенбі, 30 маусым, 2024 17:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырханның Париж олимпиадасындағы қарсыластары белгілі болды

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырханның Париж олимпиадасындағы қарсыластары белгілі болды
Сурет: ҰОК
Махмұд Сабырхан Филиппин, Өзбекстан, Бразилия және АҚШ боксшыларымен жекпе-жекке шығады

Қазақстан Париж олимпиадасынан үміт күтетін спортшыларының бірі – боксшы Махмұд Сабырханның қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сүйенсек, олар:  

Карло Паалам (Филиппин) - 2020 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері

Әбдумәлік Халоков (Өзбекстан) - 2023 жылғы әлем чемпионы, 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Луис Оливейра (Бразилия) - 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының және былтырғы Панамерика ойындарының қола жүлдегері

Джамал Харви (АҚШ) - 2021 жылғы әлем чемпионы.


«Бұл салмақта тағы кімдердің бәсі жоғары? Әрине, кубалық боксшылардың орны бөлек. Бұл сында Сайдель Орта Родригеске көз тігеміз. Жапондық боксшы, Азия ойындарының күміс жүлдегері Шудай Харада да жаман көрінбейді. Еуропаның екі дүркін жүлдегері Хосе Кильес Бротонс (Испания), Болгария атынан сынға түсетін кубалық Хавьер Ибаньес Диас (2023 жылғы Еуропа ойындарының жеңімпазы), 2022 жылғы Еуропа чемпионы Василе Устурой (Бельгия), ирландиялық Джуд Галлахер де қауіпті қарсыластар қатарында», - деп жазады Олимпиада комитеті.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар